Алматыда жұмыс орнындағы денсаулық мәселесі талқыланды

4 Мамыр 2019, 15:44
2512
Бөлісу:
Алматыда жұмыс орнындағы денсаулық мәселесі талқыланды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласында Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы «Саламатты жұмыс орындары» ДДСҰ жобасын іске асыру аясында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің қолдауымен қаладағы өнеркәсіптік кәсіпорындар мен мемлекеттік ұйымдардың өкілдері үшін техникалық консультация жүргізді. 

Іс-шара барысында жобамен таныстыру және оны әрі қарай бірлесіп енгізу мақсатында шетел мемлекеттерінің үздік тәжірибелерін ескере отырып, саламатты жұмыс орындарының негізгі қағдиаттары айтылды. Қатысып отырғандарға әрі қарай жобаны жұмыс орындарында іске асыру құралдарын қолдануда әдістемелік көмек көрсету ұсынылды. 

Қатысушылар жобаға үлкен қызуғышылықтарын танытты және қауіпсіз өмір мен еңбек жағдайы үшін жағдай жасау, дене шынықтырумен айналысуға инфрақұрылым құру, жұмыс орнындағы психоәлеуметтік ортаны жақсартуға ықпал ету жолымен жобаны іске асыру маңыздылығын белгілеп өтті.  

«Қазақстанда жалпы өлім-жітім құрылымында бірінші орында қан айналым жүйесінің аурулары тұр және 24,5%-ды құрайды, тыныс алу органдарының аурулары 12,9% жағдайды құрайды, ал үшінші орында – қатерлі ісіктер – 11,7%, және төртінші орынды 9,7%-пен жарақаттанушылық алатынын атап өту керек. Халық денсаулығын жақсартудың тиімді құралдарының бірі елдегі саламатты қоғамды дамытудың драйверіне айналатын салауатты өмір салты қағидаттарына негізделген саламатты жұмыс орындарын құру болып табылады», - делінген хабарламада.

Жұмыс орындары тамақтану, дене белсенділігі және темекі шегу сияқты денсаулықпен байланысты мінез-құлықты жақсартуға бағытталған бағдарламалар үшін жақсы шарттар болып саналады, өйткені ересек адамдар күнделікті уақытының көп бөлігін жұмыс орнында өткізеді. Жұмыс орындарында кірісуді енгізуге тиімді көмектесетін стратегияларды анықтау созылмалы аурулардың алдын алуға ықпал етуді жақсартудың әлеуметті маңызды тәсіліне айналмақ. 

Әрі қарай техникалық консультацияны Қызылорда, Ақтөбе және  Атырау облыстарында жүргізу жоспарланып отыр.


Өзгелердің жаңалығы