Алматыда жүк көлігінің өртенуі салдарынан ұзын-сонар кептеліс пайда болды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Жүк көлігінің артқы бөлігі «Алтын Орда» базарындағы көлік көпірінде өртеніп кеткен. Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде бейне роликті жариялаған.
Аталған жағдайға Алматы облысының Полиция департаменті түсініктеме берді.
4 желтоқсан күні 27 жастағы көлік жүргізушісінің «DAF» жүк көлігі Алматы-Бішкек автожолының 18 шақырымында өртенгенін хабарлаймыз. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, залал сомасы есептеліп жатыр. Қазіргі уақытта сараптамалық тексерулер жүргізіліп жатыр, – дейді Алматы облысының полиция департаменті.