Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыда жүк көлігімен болған сұмдық жол апатынан екі адам қаза тапты

20 Мамыр 2025, 10:41
801
Бөлісу:
 видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Алматыда 19 мамыр кешке болған жол-көлік оқиғасынан екі адам қаза тапты. Жол апатының жай-жапсары туралы полиция мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға Құлжа тасжолында түнгі сағат 10 шамасында болған. Volkswagen көлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлады полиция.

Аталған жол апатына байланысты, екі адамның өліміне алып келген оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Өзгелердің жаңалығы