Ертең, 18 мамырда сағат 07:00-ден 12:00-ге дейін Алматыда BI Run қайырымдылық жарысы өтеді. Осыған байланысты қалада көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атап айтқанда, Бауыржан Момышұлы көшесінің Монке би көшесінен Almaty Arena-ға дейінгі бөлігінде бір автобус және бір жеңіл көлік жолағы жабылады. Қалған жолақтар қалыпты режимде жұмыс істейді.
Сондай-ақ, Almaty Arena аумағындағы айналма көше толық жабылады. Бұл аумақта 5 және 10 шақырымдық қашықтыққа жүгіруге арналған қауіпсіз маршрут ұйымдастырылады.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан алдын ала маршруттарын жоспарлап, уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарау сұралады.