МегаполистеА/H3N2 типті (Гонконг) тұмауымен ауырған 232 адам тіркелді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлімдеді.
Өткен 8 аптада ЖРВИ-ның 15 193 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші – 681,42. Эпидемиологиялық маусымның қараша айының басынан бастап А/H3N2 типті тұмаудың 232 расталған жағдайы тіркелді. Жағдайлары жақсы, емдеу жұмыстары жүргізілді, - дейді Әсел Қалықова.