Алматыда жолдағы келіспеушіліктің соңы төбелеске ұласты

12 Шілде 2022, 02:14
1473
Бөлісу:
Алматыда жолдағы келіспеушіліктің соңы төбелеске ұласты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда жолда соқтығысқан екі көліктегі жолаушылар жаппай төбелескен. Болған оқиға сол маңдағы тоқтап тұрған көліктердің бірінің бейнетіркегішіне түскен.

Аталған оқиғаға қатысты полиция қызметкерлері түсінік берді.

Алматы қаласы ПД өкілінің айтуынша, аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, яғни «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне алынды.

Жетісу аудандық полиция басқармасы бұл істі тергеумен айналысады. Оқиғаға қатысушылар анықталды. Олардың қатысуымен тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша процессуальдық шешім қабылданатын болады, – деді Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы