Алматыда жол апатынан 20 жастағы мопед жүргізушісі қайтыс болды

Алматыда екі мопед пен "Lexus" маркалы автокөлігінің жол көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Голос народаға" сілтеме жасап.

 архив 15 Сәуір 2024 2024, 07:40
15 Сәуір 2024 2024, 07:40
824
Фото: архив

Алматыда екі мопед пен "Lexus" маркалы автокөлігінің жол көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Голос народаға" сілтеме жасап.

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, екі мопед пен жол талғамайтын көліктің қатысуымен апат 13 сәуірде сағат 19.20-да Алмалы ауданында Төле би даңғылы мен Шәріпов көшесінің қиылысында болған.

Соқтығысу салдарынан мопедтің бірінің жүргізушісі - 2003 жылы туған азамат З., алдын ала мәліметтер бойынша жол қиылысына бағдаршамның тыйым салу сигналына шығып, оқиға орнында қайтыс болды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Наверх