Алматыда жоғалып кеткен бала табылды

7 Тамыз 2022, 12:16
850
Бөлісу:
Алматыда жоғалып кеткен бала табылды

Алматыда Ұлттық ұлан әскери жасағы жоғалған баланы тауып, ата-анасына тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.  

Ұлттық ұланның баспасөз қызметі мәлімдегендей, күнделікті жауынгерлік қызметте жүрген әскери жасақ құрамына орта жастағы әйел адам жолығып, бес  жасар баласынан  көз жазып қалғанын айтады. 

Анасы  орталық саябақта қыдырып жүріп,  баласының қай жаққа кетіп қалғанын аңдамай қалған.Өзінің бір сағат бойы  баласын іздеп, таппағанын қамығып жеткізеді.

Әскери жасақ бастығы кіші сержант Тимур Хусайнов пен патрульдік қызметшілер қатардағы Ернар Болатқұлов  және Данил Лебедевпен  бірден баланы іздеуге кіріседі.Көп ұзамай олар анасының айтқан сипаттамаға ұксайтын бүлдіршінді саябаққа қарсы бетте ойын аттракционының жанынан байқайды. Сөйтіп, жоғалған баланы  анасына қайтарды.

Өзгелердің жаңалығы