Алматы қаласының құтқарушылары Жетісу ауданы Айнабұлақ-1 ықшам ауданындағы жиһаз цехы өртке оранды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Оқи отырыңыз:
Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары келгеннен кейін жиһаз цехының ашық жалынмен жануы анықталды. Жақын орналасқан ТҚКС, АЖЖС және Бизнес-орталықтың ғимараттарына өрттің таралу қаупі болды.
Қабылданған шаралардың арқасында өрт сөндірушілер өрттің таралуына жол бермеді. ТҚКС бокстарынан батыл өрт сөндірушілер 7 автокөлікті эвакуациялап, 5 оттегі баллоны мен 2 газ баллонын шығарды, - деп атап өтті министрліктен.
Белгілі болғандай, тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.