Алматыда «Жиһаз. Интерьер. Ағаш өңдеу-2022» көрмесі ашылды

15 Маусым 2022, 19:30
1862
Бөлісу:
Алматыда «Жиһаз. Интерьер. Ағаш өңдеу-2022» көрмесі ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Алматы қаласындағы «Атакент» орталығы аумағында «Жиһаз. Интерьер. Ағаш өңдеу-2022» Қазақстандық халықаралық көрмесі ашылды. 

Биыл шараға Қазақстан, Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Түркия елдерінен 100-ден астам кәсіпорын қатысуда.

Жиһаз саласына арналған көрме жыл сайын мамандар мен қатысушылар үшін бір алаңда нарықтың даму динамикасы мен үрдістеріне кешенді талдау жүргізуге, өнімнің үздік үлгілерін көрсетуге, жаңа технологиялық әзірлемелермен танысуға, өндірушілер, материалдарды жеткізушілер мен тұтынушылар арасында диалог орнатуға мүмкіндік береді, осылайша тұрақты кәсіпкерлік ахуалды қалыптастыруға ықпал етеді.

 ИИДМ Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Олжас Сапарбеков көрменің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде аталмыш іс-шараны өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуда ауқымды рөл атқарады. Бүгінде озық технологияларды пайдалану отандық өнеркәсіп үшін зор маңызға ие болуда. Сондықтан осы саладағы соңғы жаңашылдықтарды жария етуге арналған мамандандырылған көрмелерді өткізу барынша өзекті болып отыр, - деді Олжас Сапарбеков.

Көрме аясында жиһаз дизайнерлерін оқыту, ұзақ мерзімді өзара тиімді келісімшарттарды дамыту, кәсіпкерлердің қателіктері және бренд құру және т.б. тақырыптарда шеберлік сыныптары қарастырылған. Көрме 17 маусымға дейін жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы