Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының Түрксіб ауданында екі қонақ үй кешені, Әуезов ауданында тағы бір кешен жеңіл жүрісті қыздардың ордасына айналғаны анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл мекемелердің иелері үй-жайды жезөкшелікпен айналысуға әдейі бергені үшін жауапкершілікке тартылды.Өткен демалыс күндері біздің бөлімше адамдарының трафигіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері ұйымдастырған мақсатты рейд барысында жеңіл жүрісті қыздардың мекеніне айналған екі қонақ үй анықталды. Бұл жолы біз ЖИТС-орталығының қызметкерінің көмегіне жүгіндік. Олар мобильді зертхананың көмегімен әйелдердің ауруларын анықтауға жұмыстар жүргізіп, өз ұсыныстарын білдірді, – деп атап өтті Алматы қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Жанболат Зиадин.
Жалпы алғанда полицияға жезөкшелікпен айналысатын 30-ға жуық әйел жеткізілді, оның үшеуі Өзбекстан Республикасының азаматтары. Белгілі болғандай, бұл қонақ үйлер олар үшін тұрақты жұмыс орны болған.
Тағы бір тексеріс кезі 11 ақпанда басталды. 10 күн ішінде полиция бөлімшелеріне арнайы құрылған топ жеңіл жүрісті 245 қызды жеткізді, олардың үшеуі Ресей Федерациясының, алтауы Өзбекстанның, алты азаматша Қырғыз Республикасының және тағы біреуі Украинаның азаматшасы. Жеке басын растайтын құжаттары жоқ адамдар ПД қабылдау-тарату орнына қамалды.