Алматыда жетім балаларға арналған кешен сүріледі

Бөлісу:
Алматыда жетім балаларға арналған кешен сүріледі
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

1962 жылы салынған «Жанұя» кешенінің апатты жағдайдағы ғимараты сүріліп, жетім балаларға арналған заманауи ғимарат салынады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

"Жанұя" мекемесі 2006 жылдан бастап жұмыс істейді, ол жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйін, 4 жастан 18 жасқа дейінгі зияткерлік кемістігі бар балаларға арналған түзету мектеп-интернатын қамтиды,- деді  «Жанұя» МК қамқоршылық кеңесінің төрағасы Рафаэль Гасанов.

Қолданыстағы ғимарат 1962 жылы салынған және қазір апатты жағдайда.

Кеңес қорытындысы бойынша «Жанұя» басшылығы мен Алматы қаласының білім басқармасы кешеннің жаңа ғимаратын салу уақытына балалардың көшу жоспарын егжей-тегжейлі ұсынды. Мәселен, 82 тәрбиеленуші №1 арнайы мектеп-интернатқа орналастырылады. Көшу кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін олар 5-10 тамыз аралығында Оқушылар сарайының жанындағы «Өрнек» лагерінде демалады,-  Рафаэль Гасанов.

2024-2025 оқу жылының басынан бастап «Жанұя» МК оқушылары білім алады:

- бастауыш буын (1-4 сынып) - №2 мектепте 176 оқушы, 
- орта буын (5-9 сынып) - №43 мектепте 144 оқушы,
- үйде оқыту – 121 бала,
- колледждерде – 16 студент.

Құрылыс жобасының іске асырылу барысын мәслихат депутаттарынан, Қоғамдық кеңес, білім басқармасы және басқа да мүдделі органдардың өкілдерінен тұратын арнайы комиссия қадағалайды, - дейді «Жанұя» МК қамқоршылық кеңесінің төрағасы Рафаэль Гасанов.

Айта кететін нәрсе, 400 оқушыға арналған «Жанұя» жаңа, заманауи мамандандырылған кешені сол аумақта салынады. Сондай-ақ, оқу және спорт залдары, коворкинг орталық сияқты заманауи, жайлы 200 орындық жатақхана ашу көзделген.

Өзгелердің жаңалығы