Алматыда жер сілкінісін ерте хабарлайтын автоматтандырылған сейсмостанциялар орнатылды

23 Желтоқсан 2021, 12:56
1065
Бөлісу:
Алматыда жер сілкінісін ерте хабарлайтын автоматтандырылған сейсмостанциялар орнатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда жер сілкінісін ерте хабарлайтын 9 автоматтандырылған сейсмостанция орнатылды. Бұл туралы Төтенше жағдай министрі Юрий Ильин мәлімдеді.

Оның айтуынша, болашақта мұндай станциялардың саны артады.

Сейсмикалық қауіпті және жер сілкіністерін болжау қаупін төмендету мақсатында сейсмикалық қауіпті аймақтарда 63 стационарлық станция жұмыс істейді. Цифрлық технологияларды дамыту аясында Алматыда жер сілкінісін ерте хабарлайтын 9 автоматтандырылған сейсмостанция орнатылды (магнитудасы 4 балл және одан жоғары), кейіннен мобильдік қосымшада көрсетілді. Болашақта тағы 28 станция орнату жоспарлануда. Еліміздің сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 2023 жылға дейінгі жол картасы бекітілді, 20-дан астам іс-шараны іске асыру көзделген, - деді ол.

Министрдің мәліметінше, биыл 6 тұрғын үй, 37 денсаулық сақтау және білім беру объектілері сейсмикалық нығайтылды. Қазіргі уақытта Алматы қаласында сейсмикалық шағын аудандастыру жүргізілген, Шығыс Қазақстан, Алматы және Жамбыл облыстары мен Өскемен қаласының сейсмикалық аудандастыру карталары әзірленіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы