Алматыда жер сілкінісі сезілді

Жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 12:14-те тіркелген.

 Anadolu Agency 12 Тамыз 2026, 12:39
12 Тамыз 2026, 12:39
109
Фото: Anadolu Agency

2026 жылғы 12 тамызда Алматыда жер сілкінісі сезілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің мәліметінше, жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 12:14-те тіркелген.

Алматы қаласында жерасты дүмпулерінің сезілу күші 2 балл болды.

ТЖМ мәліметінше, зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

Наверх