Алматыда жер сілкінді

25 Сәуір 2020, 10:41
1400
Бөлісу:
Алматыда жер сілкінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сейсмикалық станциялар желісі бойынша 2020 жылғы 25 сәуірде Алматы уақытымен 03 сағат 56  минут 34 секундта Алматы қаласында жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік батысқа қарай 130 км жерде Қырғызстан Республикасының аумағында болды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.5, магнитудасы MPV 4.5, эпицентрдің координаттары 42,11 ° N 76.33 °, тереңдігі 15 км, Алматы қаласында 2  балл көлемінде сезілді. ТЖД -мен барлык тиісті мемлекеттiк органдарға хабарланды - делінген хабарламада.

Полиция Департаментінің ЖБО мәліметтеріне сәйкес, патрульдік кезектегі патрульдік  учаскелерде ешқандай зақым болған немесе қираған жағдай байқалған жоқ. "Қазселденқорғау" ММ мәліметтері бойынша гидротехникалық құрылыстарда, көшкін  және сел жүру қаупі бар учаскелерде бүліну, шөгу және жарықшақтар анықталған жоқ.

Қала тұрғындарынан 112 нөміріне қоңырау түскен жоқ, жағдай тұрақты.

Өзгелердің жаңалығы