Алматыда жеңіл көлік жарға құлап кетті

4 Тамыз 2022, 22:48
1192
Бөлісу:
Алматыда жеңіл көлік жарға құлап кетті

Әлеуметтік желіде биіктегі жолдың күрт бұрылысында Mazda жеңіл көлігінің тік жартастан ұшып кеткен видеосы пайда болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы облыстық полиция департаменті 2022 жылдың 2 тамызында сағат 13:30 шамасында «Түп-Кеген-Көкпек» тас жолының 12-шақырымында жол апаты орын алғанын хабарлады.

52 жастағы Mazda көлігінің жүргізушісі аталған тас жолмен келе жатып, рөлге ие алмай, жол шетінен жарға қарай ұшып кеткен.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жол-көлік оқиғасы фактісіне сәйкес, ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, – делінген департамент мәліметінде.

Өзгелердің жаңалығы