Алматыда жеңіл көлік өзенге түсіп кетті

Кешкі уақытта «Қазселденқорғау» автокранының көмегімен көлік толығымен су бетіне шығарылды.

 Скриншот Бүгiн 2026, 01:29
Бүгiн 2026, 01:29
166
Фото: Скриншот

Алматыда Кіші Алматы өзеніне түскен жеңіл автокөлікті құтқарушылар аман-есен шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға туралы куәгерлер «Алмарасан» шатқалынан хабарлап, құтқару қызметін шақырған. ТЖМ «Барыс» РЖҚ, Құтқару қызметі, ТЖД және «Қазселденқорғау» мамандары оқиға орнына дереу жетіп, автокөлікті судан шығару жұмыстарын жүргізді.

Кешкі уақытта «Қазселденқорғау» автокранының көмегімен көлік толығымен су бетіне шығарылды.

Жан-жақты тексеру нәтижесінде зардап шеккендер жоқ деп хабарланды. Құтқарушылардың жедел әрі жүйелі жұмысының арқасында жағдай толық бақылауға алынды, адамдар медициналық көмекке мұқтаж болмады.

Наверх