Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласындағы Алмагүл ықшамауданында жеке тұрғын үйден өрт шықты.
ТЖД-нің мәліметінше, 4 қазанда таңғы сағат 6:44 минутта Бостандық ауданы Алмагүл ықшамауданы Дружба көшесі 38 мекенжайында жеке тұрғын үйдің өртке оранғаны туралы хабар келіп түскен.
Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері 7 минуттің ішінде жеткен, ол кезде жеке тұрғын үйдің бірінші қабаты мен мансарды жанып жатқан. Көршілес үйлерге өрттің таралу қауіпі төнді. Өрттің тез таралуына үйдің ағаш қаптамасы, сондай-ақ жылыту жабындылары ықпал етті, - делінген хабарламада.Газ-түтіннен қорғау қызметінің қызметкерлері үйде адамдадың бар-жоғынтексерген. Жанып жатқан шатырды сөндіруге өртке қарсы автосаты техникасы орналастырылған.
Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт сағат 7:38-де ауыздықталды, 8:00-де толығымен сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге 9 техника, жеке құрамның 30-дан астам адамы жұмылдырылды,-делінген хабарламада.