Алматылық өрт сөндірушілер жеке мүлікті құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Жоғары шақырту бойынша Алматы ТЖД өрт сөндірушілері оқиға орнына барған.
Өрт Бостандық ауданының жеке қоймаларының бірінде болған. Павильондар түтінге оранған. Барлау барысында газ-түтіннен қорғау қызметінің буындарымен 35 минут ішінде өрт сөндірушілер 60 шаршы метр өрт ошағын жойды. Зардап шеккендер жоқ, - делінген ведомство хабарламасында.
Оқиға орнында анықтаушылар мен өрт сынақ зертханасы жұмыс істеуде. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.