Алатау ауданында 1440 орындық екі колледж бен 760 орынға арналған жатақханалардың құрылысы басталды. Бұл туралы ӨКҚ брифингінде аудан басшысы Азамат Қалдыбеков мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекет басшысы Алматыға келген сапарында Үкіметке студенттерге арналған жатақханалардың жетіспеушілігі мәселесін шешуді тапсырды. Өйткені Алматы ғылым мен білім берудің озық орталықтарының бірі саналады.
Студенттердің өмір сүру жағдайын жақсарту үшін Зерделі шағын ауданында 380 орындық жатақханасы бар 720 орындық кәсіптік-техникалық колледж құрылысы басталды. Сонымен қатар, Алғабас шағын ауданында 380 орындық жатақханасы бар 720 орындық инновациялық-техникалық колледж ғимараты салынып жатыр, - деді Азамат Қалдыбеков.
Сонымен қатар, Алатау ауданында 1 600-ден астам адам оқитын университет және 859 оқушы оқитын екі орта арнаулы оқу орны бар.