Алматыда жастар арасында жаппай төбелес болды

27 Ақпан 2024, 10:20
3112
Бөлісу:
Алматыда жастар арасында жаппай төбелес болды
Фото: BAQ.KZ -архив

Алматының қақ ортасында түнгі уақытта бір топ жас төбелесті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Оқыс оқиға Байтұрсынов пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында болған. Төбелестің бейнеролигі әлеуметтік желіде жарияланды. Ол жерде бір адамның арматураны пайдаланып, өзге адамдарды ұрып жатқанын көруге болады.

Аталған жағдайға Алматы қаласының полиция департаменті түсініктеме берді.

Алмалы аудандық полиция басқармасы бұзақылық дерегі бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Төбелеске қатысушылар анықталып, күдіктілер ұсталды. Олардың әрекетіне құқықтық баға берілетін болады. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр,- дейді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы