25 мамыр күні жігітті ұрған оқушы қыздар бейнеүндеу жариялады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Үш жасөспірімнің әлеуметтік желілерде кешірім сұраған бейнеролигі тарады.
Марат, сенен шын жүректен кешірім сұрағымыз келеді. Сенің ата-анаңның алдында кешірім сұраймыз. Сұмдық әрекеттерімізді кешірсеңіздер, – дейді жасөспірімдер.
Аталған жағдайға байланысты Алматы полициясы олардың үстінен іс қозғалғанын хабарлаған.
Еске салайық, әлеуметтік желіде екі қыздың бір жасөспірімді ұрып-соғып, мазақ етіп, бүкіл әрекетін ұялы телефон камерасына түсіргендігі жайлы ақпарат тараған болатын.