Алматыда жас жігіт өзенге түсіп кеткен күшікті құтқарды

15 Мамыр 2024, 15:10
596
Бөлісу:
Алматыда жас жігіт өзенге түсіп кеткен күшікті құтқарды
Фото: Видеодан скрин

Алматы қаласының тұрғыны Есентай өзеніне түсіп кетіп, өздігінен шыға алмай қалған итті құтқарып қалды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желілерде кеше, 14 мамырда,  өзенге түсіп кеткен итті құтқарып қалған жігіттің бейнеролигі тарады.  

Әйел адамның кішкентай күшігі суға байқамай түсіп кетті. Судың ағыны қатты еді. 5 минут кейін, өзеннің маңайынан өтіп бара жатқан жас жігіт қарияға көмектесіп, күшігін судан алып шықты. Қасында көмектескен адамдар да болды, – дейді қала тұрғындары. 

Бейнероликті тамашалаған адамдар да жас жігіттің қамқорлығы мен ерлігіне риза болып жылы лебіздерін білдіріп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы