Алматыда жас туристер құтқарылды

Бүгiн, 03:15
130
Бөлісу:
Алматыда жас туристер құтқарылды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Алматыда Бостандық ауданы Үлкен Алматы шатқалында 20-25 жас аралығындағы үш адамнан тұратын топ құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

"Советов" шыңынан түсу кезінде туристтер шаршап өздігінен түсе алмады.

ҚР РЖҚЖ құтқарушылары туристерді таудан төменге түсіріп, ата-аналарына аман-есен тапсырды. Жастарға медициналық көмек қажет болмады, - делінген министрліктің ақпаратында.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу қажет.

Өзгелердің жаңалығы