Айлуна Рахым есімді блогер өз өліміне жігітін айыптап, хат қалдырған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы НеМолчи.kz қоры әлеуметтік желідегі өзінің парақшасында жариялады. 27 жастағы блогердің құрбылары қорға жүгінген.
Айлунаның денесі 11 маусым күні кешкі сағат 19:00-де табылды. Ол SMM маманы болып жұмыс істеген. Өмірден өтер алдында жігітінен зәбір көргенін айтып жазба қалдырған. Мұқият тергеу жүргізу маңызды. Бізде көп скрин және хабарлама бар, - дейді құрбылары.
17 сәуірдегі соңғы жазбасында Айлуна өзінің тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болғанын тұспалдап, дененің көгерген жерлері мен күйіп қалған жерлері түсірілген видео мен фотоны көрсеткен.
Аталған жағдайға байланысты Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.
Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Істің өзге де мән-жайы анықталып жатыр, - дейді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.