Алматыда жарықтың өшірілуіне не себеп болғаны анықталды

Алматының үш ауданында бірқатар секторларды электрмен жабдықтау бір сағат ішінде қалпына келтірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 21 Шілде 2023 2023, 12:01
21 Шілде 2023 2023, 12:01
1117
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының 3 ауданында бірқатар секторды электрмен жабдықтау бір сағат ішінде қалпына келтірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматының Алмалы, Бостандық және Медеу аудандарында бірқатар сектордың тұтынушыларына электр энергиясын беру бір сағат ішінде жаңартылды.

Сәтбаев – Қонаев – Төле би – Сейфуллин көшелерінің контурында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттардың электр қуатының үзілуі ПС-58А қосалқы станциясының жұмысындағы ақауға байланысты болды. Штаттан тыс жағдай - ПС-58А қосалқы станциясын қоректендіретін кабельдік желінің механикалық зақымдануынан болған, - деді "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ мамандары.

Наверх