Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12 шілдеде өтеттін бұқаралық жарысқа 6 жастан бастап балалар да қатыса алады.
Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жарысқа қатысушылар 12 км, 8 км скандинавиялық жүріс қашықтықтарында, сондай-ақ 500 м, 1 және 3 км балалар қашықтықтарында (6 жастан бастап) жарысады.
Жазғы жарыста қатысушылар мен жанкүйерлерді спорттық мереке атмосферасы күтеді, сондай-ақ серіктестердің қызықты шаралары өтетін жарнамалық аймақтар, балаларға арналған аниматорлар, тағамдар мен салқындатқыш сусындар болады.