Алматыда жаңадан ашылған Әлеуметтік қызметтер үйі халыққа 2600 қызмет көрсетіп үлгерген

15 Маусым 2021, 14:40
2881
Бөлісу:
Алматыда жаңадан ашылған Әлеуметтік қызметтер үйі халыққа 2600 қызмет көрсетіп үлгерген

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы Әлеуметтік қызметтер үйінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсету бойынша қолайлы жағдайлар жасалуда. Бұл туралы Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқарма басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы онлайн брифингте айтты.

Оның айтуынша, халыққа әлеуметтік көмек көрсету мақсатында маусым айынан бастап қалада Әлеуметтік қызмет көрсету үйі ашылған. Ол жерде 700-ден астам мемлекет қызмет түрі көрсетіледі.

Жаңа кеңседе 11 мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйым қызмет көрсетеді. Бұрын азаматтар мемлекеттік жәрдемақы немесе басқа да көмек түрін алу үшін бірнеше мемлекеттік органға баруына тура келетін. Қазір бұл қызмет түрлері бір терезе қағидаты бойынша іске асырылуда,-дейді Әлкебайұлы.

Әлеуметтік қызмет көрсету үйінде Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы, Тұрғын үй саясаты басқармасы, Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары, министрліктің департамент мамандары, «Атамекен» ҰКП, «Қолдау» кәсіпкерлікті қолдау және жұмыспен қамту орталығының мамандары қызмет көрсетеді екен.

Алматы қаласы Әлеуметтік қызмет көрсету үйінің әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Ынта Биарыстанова бұл фронт кеңсенің артықшылығы бір сәтте бірнеше қызметті алуға болатындығында дейді.

Мәселен, баласын балабақша кезегіне қоюға келген ана, тұрғынүй кезегі, зейнетақы аударымдарын және тағы басқа мәліметтерді осы жерден ала алады. Сондай-ақ жұмыс іздеп келушілер осы жерден жұмыссыз жүргені туралы анықтама ала алады. Форнт кеңсе ашылған 4 маусымнан бері халыққа 2600 қызмет көрсетілген. Бұл жердегі Тұрғынүй саясаты бойынша көрсетілетін қызметтерге азаматтарды тіркеу, кезекке қою, сондай-ақ мемлекеттік баспана қорынан үй алуды немесе арендалық баспананы қажет ететін азаматтар тіркеуге алынады,-деді Биарыстанова.

Кеңсе ашылғалы халық негізінен жұмыспен қамту және тұрғын үй мәселесі бойынша жүгінген. Бұл мәселе бойынша күніне 300-400 өтінім түседі екен.

Өзгелердің жаңалығы