Алматы, BAQ.KZ. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Іnstagram-дағы парақшасында жазды.
Оның айтуынша, реновация бағдарламасы мыңдаған қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту мен құрылыс саласына инвестиция тартуға бағытталған. Қалада 1444 ескі үй бар. Соның 609-ы Түрксіб ауданына тиесілі.
Мұнда «Алматы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорны» 62 пәтерге арналған 5 қабатты екі үй тұрғызды. Үш ескі үйдің (42 пәтер) орнына инвесторлардың күшімен 152 пәтерлік 7 үй бой көтереді. Осипенко көшесінде 59 пәтерлі екі үйдің құрылысы басталады. Сондай-ақ, жеке инвестордың есебінен 30 ескі екі қабатты үйдің орнына 1252 пәтерге арналған 26 заманауи бес қабатты ғимарат салу жоспарлануда, - деп жазды әкім.
Қазір Медеу ауданында 21 пәтерге арналған ескі үш үйдің орнында 303 пәтерлі 6 үйдің құрылысы аяқталуда. Жетісу ауданында 70 пәтерлі 8 ескі үйдің орнына инвесторлардың күшімен 489 пәтерлі 7 үйдің құрылысын жүргізу көзделген.