Алматыда жаңа студенттер жатақханасы ашылды

19 Қыркүйек 2024, 21:06
258
Бөлісу:
Алматыда жаңа студенттер жатақханасы ашылды
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда жеке инвестициялардың есебіне салынған 103 төсек-орындық заманауи жатақхана ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мұнда студенттерге жайлы бөлмелер, ас бөлмесі, оқуға және демалуға барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар, интернетпен (wi-fi) қамтамасыз етілген коворкинг аймағы да қарастырылған.

Жатақхана керемет! Бөлмелері кең әрі жарық, қажеттінің бәрі бар. Асхана да өте ыңғайлы, тағамдары дәмді. Wifi жылдамдығы да тамаша, сабақ оқуға өте ыңғайлы, - деді жатақхана тұрғыны Ербол Балтабаев.

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының мәліметінше, оқу жылы басталғанға дейін Алматыда 1920 орындық 6 жатақхана ашылды. Ал жыл соңына дейін Алматы қаласы әкімдігінің жобалық кеңсесінің қолдауымен 3105 орындық 4 нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр. 2024 жылы жалпы 5025 орындық 10 нысанды, 2025-2026 жылдары 34 295 орындық 33 нысанды пайдалануға беру көзделген.

Өзгелердің жаңалығы