Алматыда жаңа атауды қажет ететін көшелер көп – әкімдік

18 Қаңтар 2024, 17:49
552
Бөлісу:
Алматыда жаңа атауды қажет ететін көшелер көп – әкімдік
Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда жаңа атауды қажет ететін 200 көше бар. Қала тұрғындары көше атауына қатысты мәселе көтерді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесуінде көшелердің атауын өзгерту жайлы сұрақ өтініш айтылды. 

Түрксіб - тарихы терең, көне аудандардың бірі. Өкінішке орай, көшелердің көбіне өзге ұлт өкілдерінің есімі берілген. Неге сол көшелердің атауын өзіміздің халыққа еңбегі сіңген батырларымыздың, ақын-жазушыларымыздың, саяси тұлғалардың есіміне ауыстырмасқа. Бұл мүмкін бе?, - деп сұрады аудан тұрғыны.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаевтың айтуынша, мегаполисте жаңа атауды қажет ететін 200 көше бар. Олардың тең жартысының атауы мүлдем жоқ.

«Аталған көшелер бойынша өтініштерді қалалық ономастика комиссиясы қарады. Енді республикалық комиссияның жауабын күтіп отырмыз. Жалғыз Түрксіб ауданы емес, қаладағы сегіз ауданда да ескі атаумен қалған көшелер бар»,- деді Ерболат Досаев.

Өзгелердің жаңалығы