Алматыда жалған автокөлік бөлшектері қоймасы жойылды

16 Мамыр 2022, 11:35
1501
Бөлісу:
Алматыда жалған автокөлік бөлшектері қоймасы жойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда бір топ азаматтар танымал брендтердің атын жамылып, жалған автокөлік бөлшектерін сатумен айналысқан. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жүргізілген жедел іс-шаралар барысында жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеден астам сомаға «Тойота», «Хендэ», «Хонда» сауда белгілерімен жалған автобөлшектер қоймасы жойылды, - делінген хабарламада.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті қалалық прокуратураның координациясымен жоғарыда аталған тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Анықталғандай, контрафактілік қосалқы бөлшектер фирмалық қораптарға салынып, кейін Қазақстанның көлік базарларына таратылған.

Жалпы, тергеу шараларының қорытындысы бойынша 106 мыңға жуық жалған автокөлік бөлшектері тәркіленді.

Қазір іс сотта қаралып жатыр.

Қаржылық мониторинг агенттігі тауар таңбаларының заңсыз пайдаланылуын анықтау және адал бизнесті қорғау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы