Алматыда жүкті әйел жедел жәрдем көлігінде босанып қалды

25 Тамыз 2020, 13:12
3057
Бөлісу:
Алматыда жүкті әйел жедел жәрдем көлігінде босанып қалды

Алматы, BAQ.KZ. Алматылық дәрігерлер жүкті әйелді жедел жәрдем көлігінде босандырып алды. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Дәрігерлер мен жедел жәрдем фельдшерлері босану актісінің кез-келген кезеңіне тап болуы мүмкін. Бүгінгі ауысым 8 қосалқы станцияның, 8/31 бригадасының фельдшерлері Равиль Азизов пен Баратжан Рембакиев сондай жағдайға тап келді.
Аяғы ауыр әйел толғағы жиілегендіктен жедел жәрдем бригадасын шақырды. Фельдшер оның жағдайын қарап, тексеріп, оны перзентханаға апармақ болған. Бірақ, нәресте перзентханаға дейін баруды күтпей, жолда жедел жәрдем машинасында дүниеге келді! Фельдшер, еш абдырамай, келіншекті босандырып алды. Кіндігін кесіп, жаңа туған нәрестелерге арналған перинаталдық орталыққа нәресте мен анасын жеткізілді. Акушерлер олардың жағдайын қанағаттанарлық деп бағалады. Осылайша, жедел жәрдемде бала дүниеге келді. Салмағы 3 120 кг, бойы 54 см,-делінген хабарламада.
Ана мен жаңа туған нәресте өздерін жақсы сезінеді және фельдшерлер Равиль Азизов пен Баратжан Рембакиевке алғысы шексіз.
Өзгелердің жаңалығы