Алдын ала мәлімет бойынша, зейнеткер үйде өрт шықпай тұрып қайтыс болғаны анықталды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Қаза тапқан адамдар ерлі-зайыпты қарттар болған. Әйелінің өлімінің себебі әлі жарияланған жоқ.
Аталған жағдайға байланысты Алматы облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.
Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті «ізін суытпай» ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыстың себебі ұрыс-керіс пен араздық болған. Басқа да мән-жайлар анықталып жатыр, - деді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.