Алматыда зейнеткерлер "Алтын жас" жобасымен жұмысқа орналаса алады

13 Маусым 2024, 18:50
757
Бөлісу:
Алматыда зейнеткерлер "Алтын жас" жобасымен жұмысқа орналаса алады
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Германия мен Жапония тәжірибесіне сүйене отырып, Алматыда зейнеткерлерді жұмысқа орналастыруға арналған "Алтын жас" бағдарламасы іске қосылып жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Зейнеткерлердің жалақысы жұмыс берушілердің қаражаты есебінен төленеді.

Бағдарламаға жұмысқа орналасатын қалада тіркелген зейнеткерлер қатыса алады. Зейнеткерлердің жалақысы жұмыс берушілердің қаражаты есебінен төленеді (белгіленген жалақының кемінде 50%) және жергілікті бюджеттен субсидияланады (50%, бірақ 1 ЕТЖ немесе 85 мың теңгеден аспайды). Бағдарламаға қатысу мерзімі - еңбек қатынастарын мерзімінен бұрын тоқтату мүмкіндігімен 36 айға дейін. Осы бағдарлама шеңберінде 2024 жылы кемінде 500 адамды, 2025 жылы 1000 адамды және 2026 жылы 1500 адамды қамту жоспарланып жатыр. 2024 жылға жылына бір адамға 12 ЕТЖ есебіне сүйене отырып, 500 қатысушыны қолдау үшін 382,5 млн теңге бөлінді,- дейді Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов.

Өзгелердің жаңалығы