Алматыда заңсыз жүрген 104 шетелдік елден шығарылды

10 Қараша 2023, 14:27
720
Бөлісу:
Алматыда заңсыз жүрген 104 шетелдік елден шығарылды
Фото: polisia.kz

Алматыда заңсыз жүрген 104 шетелдік елден шығарылды,  деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Алматыда заңсыз келімсектерді, сондай-ақ көші-қон заңнамасын бұзуды анықтауға бағытталған профилактикалық іс-шаралар жалғасуда. 

Бір апта ішінде барлығы 276 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 56-сы алыс шетел мемлекеттерінің азаматтары. Атап айтқанда, Африка құрлығы елдерінен – 45, Түркиядан – 10 және көршілес елдердің 220 азаматы: Өзбекстаннан – 154 адам және Тәжікстаннан – 19. Сонымен қатар жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 95 шетелдік қабылдап-таратуға орналастырылды. Сот қаулысымен 104 шетелдік Қазақстан Республикасынан шығарылды. Нигериядан – 44 адам, Сьерра-Леонеден – 2, Ганадан – 2, Бениннен – 1, Өзбекстаннан – 41 адам, Тәжікстаннан – 8 адам, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов. 

Сонымен қатар спикердің айтуынша, қабылдаушы 62 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Өзгелердің жаңалығы