Алматыда заңсыз салынған тағы бір нысан бұзылды

6 Мамыр 2023, 08:10
804
Бөлісу:
Алматыда заңсыз салынған тағы бір нысан бұзылды
Фото: sputnik.kz

Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасы Бөгенбай батыр көшесі бойындағы төрт қабатты 24-ші үй заңсыз тұрғызылған, , деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басқарманың талабы бойынша тұрғын емес үй-жайлар жөніндегі сот процестері ұзақ уақытқа созылды.

2022 жылғы 17 қаңтарда Медеу аудандық соты өз бетінше салынған құрылысты бұзу туралы қаулы шығарды, алайда кейін апелляциялық шағымдар Алматы қалалық сотында және Жоғарғы Сотта қаралды. 2022 жылғы 30 қарашада Жоғарғы сот бірінші сатыдағы сот пен Алматы қалалық сотының қаулыларын өзгеріссіз қалдырды, - дейді ведомстводағылар.

Қаулы қаланың Әділет департаментінің өндірісіне түсті. Сот орындаушыларының қатысуымен заңсыз салынған нысанды бұзу басталды.

Өзгелердің жаңалығы