Алматыда заңсыз салынған 5 қабатты ғимарат сүріліп жатыр

Сот талапты қанағаттандырып, қалалық сот бірінші сатыдағы шешімді өзгеріссіз қалдырған.

 Алматы қаласы әкімдігі Кеше 2026, 23:55
Кеше 2026, 23:55
107
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда Сейфуллин даңғылы, 348 мекенжайында орналасқан аяқталмаған 5 қабатты ғимарат сот шешімімен сүріліп жатыр. Бұл туралы Алматы қалалық жоспарлау бақылау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомство мәліметінше, жоспардан тыс тексеру барысында нысан иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген.

Алайда талаптар орындалмаған соң басқарма Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына ғимаратты бұзу туралы талап арыз түсірген. Сот талапты қанағаттандырып, қалалық сот бірінші сатыдағы шешімді өзгеріссіз қалдырған.

2025 жылғы 21 шілдеде атқарушылық іс жүргізу қозғалған.

Бүгінде сот орындаушыларының қатысуымен нысанды бұзу жұмыстары басталды.

Наверх