Алматы қаласында заңсыз салынған тағы бір нысан сот шешімімен бұзылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, Нүсіпбеков көшесі, 51 мекенжайында орналасқан төрт қабатты ғимарат заңсыз деп танылған.
Бұған дейін нысан иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, ғимаратты өз еркімен бұзу туралы нұсқама берілген. Алайда талаптар орындалмаған.
2025 жылғы 8 мамырда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты қала құрылысын бақылау басқармасының талап-арызын қанағаттандырып, нысанды бұзу туралы шешім шығарды.
Сот шешімін орындау үшін материалдар Әділет департаментіне жолданды. Бүгін сот орындаушыларының қатысуымен бұзу жұмыстары басталды, – деп хабарлады басқарма.