Алматыда заманауи басқару экожүйесі қалыптасады

Құжат қаланы жүйелі түрде цифрлық трансформациялау және жасанды интеллект технологияларын енгізу бағыттарын айқындайды.

 Алматы қаласы әкімдігі Бүгiн 2026, 06:35
Бүгiн 2026, 06:35
99
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Presight.AI компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құжат қаланы жүйелі түрде цифрлық трансформациялау және жасанды интеллект технологияларын енгізу бағыттарын айқындайды. Негізгі мақсат – бірыңғай интеграцияланған басқару экожүйесін қалыптастыру, ахуалдық орталық пен талдамалық платформаларды дамыту.

Әріптестік аясында:

  • AI деректер орталығын құру;
  • қалалық цифрлық жүйелерді біріктіру;
  • Almaty AI Hub базасында технологиялық кеңсе ашу жобалары қарастырылуда.

Бұл меморандум қалалық басқару тиімділігін арттырып, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған ұзақмерзімді стратегиялық серіктестіктің бастауы ретінде бағаланып отыр.

Наверх