Алматыда зағип жігіт метрода рельске құлап көз жұмды

10 Желтоқсан 2024, 16:42
1537
Бөлісу:
Алматыда зағип жігіт метрода рельске құлап көз жұмды
Фото: Видеодан кадр

Қайғылы жағдай “Абай” метро станциясында болған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, ер адам рельске құлап кеткен. Оқиғаның куәгерлері адамға көмектеспек болып, вагондарды жылжытуға тырысқан.

Аталған жағдайға қатысты Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиға салдарынан 26 жастағы зағип жігіт көз жұмды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр,- деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Өзгелердің жаңалығы