Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов айтты.
Ағымдағы жылдың 8 айында ауданда 3296 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 47,6%-ға төмендеген (2019 жылы – 6290), — деді ол.Сонымен қатар қоғамдық орындарда құқық бұзушылық жасау 2,4 есеге (3986-дан 1644-ке дейін), көшеде жасалған құқық бұзушылықтар саны 2,7 есеге (2514-тен 928-ге дейін) азайды.
Бұзақылық, пәтерлерден, автокөліктерден тонау, ұрлық, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру сияқты қылмыстар азайды.
Алматы әкімінің тапсырмасымен қала қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі жиналыста аудан полициясы криминогендік нүктелер картасын және аулалар мен жарықтандырылмаған көшелерге баса назар аудара отырып, оларды патрульдеу схемасын жасады. Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қоғамдық орындарда 173 маршрут – 28 автомобильді және 145 жаяу патруль ұйымдастырылды, — деді С. Сайфеденов.Бұдан басқа, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша ауданның жанданған жерлерінде 5 модульді полиция пункттері мен 26 «Сергек» кешені орнатылды.