Алматыдағы тарихи нысандардың каталогі жасалады – Сағынтаев

25 Қазан 2019, 10:51
2377
Бөлісу:
Алматыдағы тарихи нысандардың каталогі жасалады – Сағынтаев

Алматы, BAQ.KZ. Қаланы аралау кезінде көркін жойған бұрынғы тарихи нысандарға назар аудардым. Осы проблеманы шешу үшін сәулет келбеті сақталуы тиіс ғимараттар туралы мәліметтер жинап, қалалық ресурсты іске қосамыз. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram-дағы парақшасына жазды.

Сонымен қатар, ол бұл іске қала тұрғындары да қатысып, ерекше сәулетті ғимараттар бойынша мағлұматтар бере алатынын жазды.
"Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының almaty.uaig.kz сайтына ұсынылатын нысан туралы ақпаратты фотосуретімен және мекенжайымен жариялауға болады. Алматының бірегей ғимараттарын каталогқа енгізу туралы шешімді сарапшылар мен қоғамдық комиссия қабылдайды", - деп жазды қала әкімі Instagram-дағы парақшасында.  
Қазіргі кезде энтузиаст-қоғамшылар 1927-1995 жылдар аралығында салынған тарихи құндылығы бар 757 ғимаратты анықталған.
 

Өзгелердің жаңалығы