Алматыдағы Пархач көлінде балықтардың өлуіне байланысты тексеру басталды

12 Тамыз 2020, 20:32
913
Бөлісу:
Алматыдағы Пархач көлінде балықтардың өлуіне байланысты тексеру басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аталған көлге министрліктен қалалық экология департаменті, "Қазгидромет" және Алматы қалалық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы қызметкерлері келді, деп хабарлайды Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі.

Көлде су сынамалары алынады, мамандар балықтардың жаппай қырылуының себебін анықтайды.

Экология министрлігі кезекті рет азаматтарды демалыс аймақтарында тазалық және тәртіп сақтауға, өздерінің соңдарынан қоқысты жинап жүруге шақырады. Заңбұзушылықтар болған жағдайда кінәлілер жазаланады. Жақын арада азаматтардың қоршаған ортаға келтірген зияны үшін жауапкершілік күшейтіледі.

Еске салсақ, алматылықтар Алматының Түрксіб ауданындағы Пархач көлінің ластануына шағымданған. Қала тұрғындары жағалаудағы қалдықтар мен қоқыстардың, сондай-ақ өлі балықтардың бейнетүсірілімін жасаған.
Өзгелердің жаңалығы