Алматыдағы дін мәселесі бойынша оңалту орталығының көмегіне 1400 адам жүгінген

4 Сәуір 2019, 12:55
2905
Бөлісу:
Алматыдағы дін мәселесі бойынша оңалту орталығының көмегіне 1400 адам жүгінген
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі.  2019 жылғы 1 сәуірден бастап Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының Кеңес беру және оңалту орталығы жаңа кеңседе жұмыс істеуін бастады. 

Орталықтың негізгі мақсаты деструктивті, экстремистік діни ұйымдар мен ағымдардың ықпалына түскендерді радикалды көзқарастан арылту, бейімдеу, әлеуметтендіру және оңалту жолымен тұрғындардың радикалдану деңгейін төмендету болып табылады.

«Бұл орталық 2016 жылдан бастап құрылған. Жүктелген басты міндет – дін мәселесінде сұрақтары бар азаматтарға жауап беру, әсіресе адасып теріс діни ағым бағытына түсіп кеткен азаматтар осында келіп кеңес алып, тиісінше діни көзқарастарын түзетуге мүмкіндік алады», - дейді Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Айдар Есенбеков.

Сонымен қатар ол, бұл орталықтың жұмысы жөнінде қоғамда кеңінен ақпарат тарату қажеттігін атап өтті.

«Теріс ағымға бой алдырған азаматтардың жақындары, достары осындай орталықтың бар екенін білсе бізге келіп кеңес ала алады. Яғни, радикалды діни топтардың жетегінде кеткен жақындарын оңалту үшін бізге келуіне болады. Мұнда 16 адам жұмыс істейді, олардың құрамында дінтанушылар, исламтанушылар, теологтар, психологтар және заңгерлер бар. Сонымен қатар, әйел адамдармен жұмыс істейтін 3 әйел теолог бар», - дейді ол. 

Алматыдағы дін мәселесі бойынша оңалту орталығының көмегіне 1400 адам жүгінген

Өткен жылы орталықтың жұмысы аясында деструктивті идеологияның ықпалына ұшыраған 1400 адаммен жекелей-түсіндіру сипатындағы әңгімелесу жүргізілген екен.
Өзгелердің жаңалығы