Алматыдағы бала "ұрлығы": WhatsApp-хабарлама авторының видеоүндеуі шықты

4 Қазан 2019, 13:35
2662
Бөлісу:
Алматыдағы бала "ұрлығы": WhatsApp-хабарлама авторының видеоүндеуі шықты
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балаларды ұрлауға қатысты жалған WhatsApp-хабарламаның авторы ұсталды. Жалған ақпарат таратқаны үшін кешірім сұраған әйелдің видеосы шықты. Бұл туралы Алматы Полиция департаментіні баспасөз қызметі хабарлады.

"Мен халықты дүрліктірген дауыстық хабарлама жібергенім үшін Алматы қаласы тұрғындарынан кешірім сұраймын. Шынымды айтсам, бұл хабарлама әлеуметтік желілерде тарап, қала тұрғындарына қорқыныш тудырып, дүрліктіреді деп ойлаған жоқпын. Кешіріңіздерші, өтінем", - деді әйел.

Полиция қызметкерлері балаларды жаппай ұрлау туралы жалған хабарлама таратқан адамды анықтап, бір күн бойы ұстаған.

"Ол 1991 жылғы жергілікті тұрғын болып шықты. Әйел қала тұрғындары арасында қорқыныш тудырған аудиохабарламаның авторы өзі екенін мойындады. Азаматша Р. осы расталмаған ақпаратты құрбысынан естігенін айтты. Қазіргі уақытта оның әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабының 4-бөлігі бойынша қаралуда. Ақпараттық-коммуникациялық жүйелер арқылы көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін Полиция департаменті тергеу басқармасында сотқа дейінгі тергеу басталды", - дейді Алматы қалалық полиция департаментінің криминалдық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Жанболат Зиадин.


Өзгелердің жаңалығы