Алматыда вакцина алған 178 адам қайта вирус жұқтырды – Бекшин

24 Шілде 2021, 14:05
3534
Бөлісу:
Алматыда вакцина алған 178 адам қайта вирус жұқтырды – Бекшин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жайында өткен брифингте қаланың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин вакцина алған қанша адам вирусты қайта жұқтырғанын айтты.

Вакцина алғаннан кейін ауырғандар және қайта жұқтырған тұрғындар санына мониторинг жүргіземіз. Бүгінгі күні вакцинаның екі компонентін де алғаннан кейін қайта вирус жұқтырған 178 адам тіркелді. Оның себебін айттым. Яғни барлық вакцина, тіпті Pfizer екпесі де 100 пайыз тиімділікті көрсетпейді. Одан бөлек, әр адамның ағзасы әр түрлі, - деп айтты ол.

Бекшин коронавируспен ауырып шыққандарға да 6 айдан кейін вакцина алуды ұсынатындарына тоқталды.

Бұл иммунитетті күшейтеді. Бүгінгі күні Дельта штамының да жұқпалы екенін айтып келеміз. Оның бір себебі – адамда интерферон бөлетін ген тосқауыл болады. Яғни иммунитетті күшейтетін зат тоқтағаннан кейін вирус ағзада тез таралады. Сонымен қатар Британ штамына да мониторинг жүргіземіз. Сәуір, мамыр айларында вирус жұқтыру көрсеткіші мен белгілері (симптом) жоғары, - деп түсіндірді қаланың мемлекеттік санитарлық дәрігері.

Айтуынша, былтар Ухань нұсқасында симптомдар 50%-ды, тіпті одан да төмен болған.

Британ штамы бойынша симптомдар 60%-ға дейін артып отыр. Ал Дельта штамымен ауырғандардың симптомдары 80-90%-ға жеткенін көрсетті. Бұл аурудың асқынып отырғанын білдіреді. Көбісі асқынған, ауыр халде инфекциялық стационарларға түсіп жатады, - деді Жандарбек Бекшин.

Бекшин аурудың таралуын тоқтату үшін жаңа қаулы қабылданғанын айтты.



Өзгелердің жаңалығы