Алматыда үй жануарларын тегін кастрациялау басталды

30 Қыркүйек 2021, 16:50
8389
Бөлісу:
Алматыда үй жануарларын тегін кастрациялау басталды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласында қаңғыбас жануарлардың санын реттеудің 2021-2024 жылдарға арналған бағдарламасы аясында шамамен 4000 ит пен мысықты зарарсыздандыру көзделген.

Бағдарламаны өткізу кезеңі 2021 жылғы 1 қазаннан 31 желтоқсан аралығына жоспарланған.

Бағдарламаға қатысуға Pet Control деректер қорында сенімді есепке алу үшін ветеринариялық паспорты мен микрочипі бар жануарлар жіберіледі. Микрочипі мен паспорты болмаған жағдайда, оларды емханадан қосымша ақы төлеп алуға болады. Иттер мен мысықтарды зарарсыздандыру мен кастрациялаудың жас шектеуі 7 айдан 9 жасқа дейін, төбет иттер мен ер мысықтарды зарасыздандырудың жас шектеуі 6 айдан 9 жасқа дейін.

Үй жануарларын зарасыздандыру және кастрациялау бойынша қызмет:

- тіркеу кітабына жануар иесінің алғашқы шағымын (анамнез жинау, операцияға жазылу) тіркеуді;
- жануарларды алдын ала клиникалық тексеруді, операцияға қарсы көрсеткіштерді (жүктілік, овуляция, иммунитеттің төмендеуі, алдын ала егудің болмауы) анықтауды;
- жануардың тірі салмағын анықтауды және наркоз мөлшерін есептеуді;
- алдын ала емдеуді;
- наркозға енгізуді;
- жануарды бекемдеп байлауды;
- операция жасау орнын дайындауды;
- операция жасауды;
- сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары бар сіңірілетін тігіс материалдарын қолдануды;
- наркоздан шығаруды;
- есепке алу кітабында физикалық деректерді тіркеуді;
- жануарды күндізгі стационарға кемінде 10 сағат бақылауға жатқызуды;
- операциядан кейінгі 3 күн ішінде операция жасалынған жануардың жағдайын бақылауды (телефон арқылы);
- ықтимал асқынуларды болдырмау үшін операциядан кейін 10-12 күн өткен соң тігістердің жағдайын бақылауды қамтиды.

Өзгелердің жаңалығы