Виктор Изюмников өзінің мерейтойында десанттық -шабуылдау әскерлері қызметшілерінің, ардагерлер кеңесінің және Алматы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков оқып берген Премьер-министрдің құттықтаулары алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Виктор Изюмников 1924 жылы туып, 1942 жылы 17 жасында майданға аттанған.
Ол Әуе-десанттық күштерде қызмет етті, Венгрияда, Австрияда, Венаны басып алуда және басқа қалаларда шайқастарға қатысып, 100-ден астам парашютпен секірді.
Соғыстан кейін Виктор Карпович өз өмірін агрономия мен қоғамдық қызметке арнады.
Ол Қазақстанның еңбек сіңірген агрономы, экономика ғылымдарының кандидаты, Жоғарғы Кеңестің депутаты, Қазақстан Компартиясы ОК мүшесі болды.
Оның еңбегі ордендермен және медальдармен марапатталды.