Алматыда «Ұлы дала ойындары» фестивалі басталды

Бөлісу:
Алматыда «Ұлы дала ойындары» фестивалі басталды
PHOTO
Фото: автордан

Іс-шара 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары аясында ұйымдастырылған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қала тұрғындары мен қонақтары көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, аламан бәйгені тамашалады.

Алматыда «Ұлы дала ойындары» фестивалі басталды
Алматыда «Ұлы дала ойындары» фестивалі басталды
Алматыда «Ұлы дала ойындары» фестивалі басталды

Бүгін «Ұлы дала ойындары» фестивалі өтіп жатыр. Мақсатымыз - ұлттық спортты насихаттап, оның дамуына үлес қосу. Қазір 2 мыңға жуық адам келді. Аламан бәйге кезінде одан да көбейеді деп ойлаймыз. Аламан бәйгенің жүлде қоры – 3 000 000, құнан бәйгенің жүлде қоры - 2 000 000 теңге. Қазір аламан бәйгеге 50 сәйгүлік, құнан бәйгеге 30 сәйгүлік қатысады, - деді фестиваль ұйымдастырушысы Бауыржан Талғатұлы.

Алматыда «Ұлы дала ойындары» фестивалі басталды


Өнер көрсетушілердің ішінде атпен, түйемен жамбы атқан қазақ қызы да өнер көрсетті.

Алматыда «Ұлы дала ойындары» фестивалі басталды

 

Алматыда «Ұлы дала ойындары» фестивалі басталды

2023 жылдың қараша айында түйемен жамбы атып Қазақстанның Гиннес рекордтар «Қазақстанда алғаш рет түйе үстінде жамбы атқан қыз» деп кітаптқа ендік. Бұл идеяны осы Топжарған өнер орталығының басшысы Ғабит Таңатов бастаған еді. Түйелерді өзіміз үйреткенбіз. Өзіміз мініп, садақ атып рекордтар кітабына ендік. Ат үстінде жамбы атумен түйе үстіндегі өнерді салыстырсақ, жылдамдық жағынан айырмашылығы бар. Атта жылдамырақ, түйеде баяу. Осы ретте айта кетейік, садақ атқан кезде қолды дұрыс қою керек. Сондай-ақ жылдамдыққа атып тез оқтап, теза атып үйрену керек. Себебі аттың үстінде жылдамдық болғандықтан біз көздеп емес, қол мергендікке салып атамыз. Алдағы уақытта рекордтар кітабына тұңғыш рет теңге ілген қыз деген атпен ену ойда бар. Қазіргі уақытта жаттығу үстіндемін. Кішігірім шараларда теңге іліп көрсетіп жүрмін,- дейді Аружан Аманкелдіқызы.

Сондай-ақ, шараға келгендердің асық ату, тоғызқұмалақ, гір көтеру, қол күрестіруден шеберлік сабақтарына қатысуға мүмкіндік алды.

Алматыда «Ұлы дала ойындары» фестивалі басталды

Ұлттық ойындар ұлықталатын фестивальдің ұйымдастырылуы құптарлық іс. Халық дән риза. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген қонақтар салт-дәстүрімізбен танысып, жасаған бұйымдарымызға қызығушылық танытып жатыр. Бұйымдарымыздың бағасы қарапайым халыққа ауыр болса да, алып жатқандар бар. Шеберлікпен айналысқаныма 45 жыл өтті. Бүгінгі фестивальге баламды, жұбайымды да алып келдім. Үйдегі балаларымның барлығы шебер. Осы іс-шараны ұйымдастырған мамандарға алғыс білдіремін, – дейді шебер Қоңыр Бақтыбек.

Алматыда «Ұлы дала ойындары» фестивалі басталды
Алматыда «Ұлы дала ойындары» фестивалі басталды
Алматыда «Ұлы дала ойындары» фестивалі басталды


Аламан бәйгенің жүлде қоры – 3 000 000 теңге. Қатысу тегін.

Өзгелердің жаңалығы